2025 жылғы 24 наурызда Almathera компаниясының өкілдері бас жобалаушының командасымен бірге Беларусьтің Минск қаласындағы Н.Н. Александров атындағы Республикалық онкология және медициналық радиология ғылыми-практикалық орталығында (https://omr.by/) болды. Сапардың мақсаты радиофармпрепараттар (РФДП) өндіру саласындағы озық тәжірибе мен заманауи технологияларды зерделеу болды.
Сапар барысында кездесуге қатысушылар Республикалық позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) орталығының меңгерушісі Валерий Васильевич Синайкомен нәтижелі әңгіме өткізді. Талқылау барысында ПЭТ-технологияларды пайдалана отырып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу мен енгізуге қатысты өзекті мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, қонақтар орталықтың өндірістік және емдеу блоктарында болып, радиофармацевтикалық препараттар өндірісі жүзеге асырылатын техникалық үй-жайлармен танысты. Бұл радионуклидтер синтезінен бастап дайын дәрілік түрлерді шығаруға дейінгі барлық кезеңдерде болып жатқан процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Бұл сапар Қазақстанда РФДП өндіретін объектіні құру жөніндегі жобаны іске асырудағы маңызды кезең болды. Алынған тәжірибе Almathera компаниясына жұмыс үдерістерін оңтайландыруға және жоғары сапалы өнім мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өз қызметіне үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге көмектеседі.
Almathera компаниясы Минскідегі әріптестеріне РОМР ҒПО-ның алдыңғы қатарлы технологияларымен және жұмыс тәжірибесімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. Мұндай өзара іс-қимыл халықаралық байланыстарды нығайтуға және медицина саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілетуге ықпал етеді.
Almathera радиофармпрепараттар өндірісінде жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін жетекші ғылыми және медициналық мекемелермен ынтымақтастықты белсенді дамытуды жалғастыруда.