МАГАТЭ-мен бағдарлау кеңесі: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіншіліктері
04.02.2025 жылы Almathera компаниясы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) сарапшысы Валерий Радченкомен бағдарлау кеңесін өткізді. Кездесу ядролық технологиялар мен радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың перспективалық бағыттарын талқылауға арналды.
Негізгі мәселелердің бірі жобалау, өндірістік процесс және нормативтік талаптарды сақтау мәселелерінде МАГАТЭ-ден сараптамалық қолдау алу мүмкіндігін талқылау болды.
Сонымен қатар Almathera-ны Канада, Еуропа және Ресей Федерациясының мамандары арасында байланыс орнату және тренингтер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізу үшін алаң ретінде пайдалану мүмкіндігі талқыланды.
Ғылыми ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. МАГАТЭ ұйымдастырған білім беру бағдарламалары мен конференцияларға Almathera мамандарының қатысу мүмкіндігі талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар одан әрі ақпарат алмасу және қолдау жөнінде келісті.
Бұл бағдарлау кеңесі Almathera мен МАГАТЭ арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту жолындағы маңызды қадам болып, өзара тиімді ынтымақтастық пен кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіншіліктер ашты.