2024 жылғы 4 желтоқсан, Алматы, Қазақстан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған іс-шаралар аясында химия және химиялық технология бойынша XII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті. Форум тәжірибе алмасу, жаңа жетістіктерді таныстыру және ғылым, білім және өнеркәсіп арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды тұғырнама болып табылады. Биылғы шара 250-ден астам қатысушының басын қосты, олардың қатарында жетекші ғалымдар, сарапшылар мен бизнес өкілдері бар.
Almathera компаниясы модераторы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің деканы Алина Құлбайқызы Галеева болған «Индустрия және университет: өндірістік кәсіпорындар басшыларымен кездесу» воркшопында «Алматы қаласында жергілікті және жаһандық онкологиялық клиникалар мен тераностика орталықтары үшін EU GMP стандарты бойынша радиофармацевтикалық препараттар өндіру кешенін құру» жобасын таныстырды. Шара барысында Almathera өкілдері радиофармацевтиканың инновациялық саласында жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандарды даярлау мәселелеріне назар аудара отырып, университетпен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Almathera съезд бағдарламасына белсенді қатысумен қатар іс-шараның қаржылық демеушілерінің бірі ретінде Қазақстанның ғылыми бастамаларын және технологиялық әлеуетін дамытуды қолдайтынын растады.